6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерUEFA Конференция лигасының плей-офф кезеңінде қазақстандық «Астана» Норвегияның «Бранн» клубын жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, бір апта бұрын Норвегияда өткен матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Алматыдағы қарымта матчта камбэкке куә болдық.
Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңде Бабаян шәкірттері қарқын қосып, қатарынан үш гол соқты.
Ойынның 61-минутында астаналық командадан Джеффри Чинеду әуелете берілген пасты қақпаға дарытты.
Ол 81-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. Ал 91-минутта қосалқы құрамнан шыққан Рамазан Кәрімов арада минут өтпестен норвегиялық қорғаушылардың өрескел қателігін шебер пайдаланып кетті.
Осылайша, «Астана» екінші жыл қатарынан Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі