13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
19 мамыр күні сағат 16.00-де Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – бейбітшілік пен достықтың бесігі» атты «Өрнек» би ансамблінің есеп-беру концерті өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз достықты қазақстандықтар барлық буынының басты игілігі ретінде сақтай білдік. Біздің бірегей жолымыз – тең құқықтылық, бір шаңырақ астында өмір сүретін барлық этностың бірлігі мен келісімі халықтың тілек қалауымен таңдалды», – деген болатын. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің этносаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы қалыптасқан. Оның бір дәлелі бүгінгі шара.
2009 жылы құрылған Өрнек би ансамблінің құрамында 5 этностың өкілі бар, сонымен қатар, ансамбльдің репертуары Қазақстанда тұратын әр этностың ұлттық билерімен толықтырылған. Карпова Алена Ивановнаның тәлімгерлері жеткен жетістіктері де жетерлік. Атап айтсақ, 2016 жылғы «Өнерім – өмірім» республикалық байқауының Гран-при, дәл осындай биылғы жылғы облыстық байқауда 1 орын иегерлері атанды. 2018 жылы ансамбльді 6 тәлімгер бітіріп шықпақ.
Есепті концертте әр этностың мәдениеті мен биі ұсынылды. Сонымен қатар, жыл бойы белсенділік танытып, облысымыздың мәдени дамуына үлес қосып жүрген тәлімгерлер мен жетекшілер марапатталды.
«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымақынұлы құттықтау сөз сөйледі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды