Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада үш қабатты базардағы өрт толығымен сөндірілді. Қызыл жалын аумағы 30113 метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өртті сөндіру үлкен алаңға өрттің қарқынды таралуымен, жанғыш материалдардың көп болуымен, қатты түтінмен және жоғары температурамен күрделенген. Сонымен қатар сауда павильондарының тығыз орналасуы және өрт ошақтарына шектеулі қол жетімділік қосымша қиындық тудырған.
Айта кетсек, 18 шілде сағат 3.36-да елордадағы базарда өрт шыққаны туралы белгілі болды. Өрт сөндірушілер келген кезде от тарап кеткен және аралық қабаттың бір бөлігі опырылып түскен.
Өртті сөндіру жұмыстары жоғары жану жүктемесі мен қатты түтіндеу салдарынан күрделі болған. Бүгін, 18 шілде сағат 07:10-да қызыл жалын оқшауланды. Ал кешкі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Оны сөндіруге 165 адам мен 62 техника жұмылдырылды.
Қазіргі таңда оқиғаның шығу себебі анықталуда.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек