Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана әкімдігі «Биг Шанхай» базарындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай қолдау шаралары көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өртке байланысты арнайы штаб құрылды. Онда Төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаментінің, әкімдіктің, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері, банк қызметкерлері, салық органдары және базар әкімшілігі кезекшілік етеді. Штаб аясында «Биг Шанхай» базарының зардап шеккен жалға алушылары, кәсіпкерлері және жұмысшылары бизнесін қалпына келтіру, жалдау, салықтық және банктік міндеттемелер бойынша кеңес ала алады. Қазіргі уақытта салық төлемдері мен банктік міндеттемелер бойынша кейінге шегеру мәселесі қарастырылып жатыр. Сауда орны зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі банктер мен қаржы ұйымдарына жіберіліп, қолдау шараларын ары қарай қарау жоспарланып отыр.
«Биг Шанхай» базарының директорының айтуынша, алдағы бірнеше күн ішінде зардап шеккен барлық кәсіпкерге баламалы сауда орындарын ұсыну мәселесі шешіледі.
Штаб «Anuar» супермаркетінің 3-қабатында, Алаш тасжолы, 30а мекенжайында орналасқан. Кәсіпкерлер тек ресми штабқа жүгінгені жөн, себебі барлық нақты әрі шынайы ақпарат осы орында айтылады.
Еске салсақ, 18 шілде сағат 3.36-да елордадағы базарда өрт шыққаны туралы белгілі болды. Өрт сөндірушілер келген кезде от тарап кеткен және аралық қабаттың бір бөлігі опырылып түскен. 18 шілде кешкі уақытта қызыл жалын толығымен сөндірілді. Өрт 30 мыңнан астам шаршы метр аумақты алған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары