Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров "Астана Банкінің" бұрынғы басшылығына қатысты іс бойынша жаңа мәліметтерді хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Брифинг барысында Биғайдаров "Астана Банкі" АҚ бұрынғы топ-менеджменті мен қызметкерлеріне қатысты үкім 2025 жылғы 22 сәуірде елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында оқылғанын айтты.
Сот "Астана Банкі" АҚ директорлар кеңесінің экс-төрағасы әрі ірі акционері Олжас Тохтаровты агенттік қызметтер көрсету түрінде ұрлық жасағаны және банкроттық алдындағы кезеңде Алматыдағы бизнес-орталықты бағынышты компаниялардың пайдасына заңсыз иеліктен шығарғаны үшін кінәлі деп таныды, – деді Биғайдаров Антикордағы брифингте.
Оның айтуынша, Тохтаров сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Оған жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден асатын тұрғын, әкімшілік, өндірістік нысандар, құрылыстар, жер учаскелері, бағалы қағаздар мен криптовалюталар түріндегі мүлкін тәркілеу үкімі шығарылған.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады