6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Астана Балет» театры сахнасында, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Республика күніне арналған мерекелік «Мәңгі ел» концерті өтті. Концерт бағдарламасы ұлттық музыка мен би өнерінің үздік туындыларын бір арнаға тоғыстырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кеште «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасына енген «Қарлығаш» және «Құрбылар» хореографиялық миниатюраларының премьерасы өтті. Бұл туындылар алғаш рет көрермен назарына «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен ұсынылды.
«Қарлығаш» хореографиялық миниатюрасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти Қазақ КСР-нің халық әртісі Ахмет Жұбановтың музыкасына қойды. Ал сахналық костюмдерін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Жұмағалиев әзірлеген.
Сол сияқты, Айгүл Тәти қойған «Құрбылар» хореографиялық композициясы композитор Ілияс Ходжабековтің музыкасына қойылды. Костюмдердің авторы – Мүсілім Жұмағалиев. Қойылымда жастық шақтың еркін рухы мен албырт көңілі сипатталып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі