28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар«Астана Балет» театры «Carmina Burana» балет-кантатасының премьерасымен театр маусымын жапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
5-6 шілдеде «Астана Балет» театрында «Carmina Burana» балет-кантатасының премьерасы өтті. Сахнада алғаш рет хор, симфониялық оркестр мен балет труппасы бірлесіп өнер көрсетті.
«Carmina Burana» балеті – адам баласының болмысы, жан арпалысы мен азабы, адамның кұдірет-күшімен үзілмес байланысы туралы ой-толғау. Балет сахнасында материалдық және рухани, жасампаз және қиратушы күш текетіресі көрсетілді. Мұның бәрі – Фортуна дөңгелегінің үздіксіз қозғалысы, жалындаған өмір мен жанның реинкарнациясы жайлы баяндайды.
Экспрессионист композитор Карл Орф жазған «Carmina Burana» мистикалық, баурап алатын туындысы философиялық әрі эмоционалды балеттің негізіне алынды. Бұл ХХ ғасырдың ең жұмбақ әрі таңғажайып қуаты бар туындыларының бірі. Қазіргі мәдениетте ол классика мен танымал музыка арасында ерекше орын алады.
Спектакльде әртістер классикалық хореографиядан еркін пластика мен contemporary элементтері бар биге ауысады. Жаңа хореографиялық туындыны жасауға дарынды өнер қайраткерлері ат салысты.
«Carmina Burana» балетінің премьерасы нағыз сахналық ғажайыпқа айналды. Алғаш рет хор, оркестр және балет өнер кеңістігінде бірігіп, музыкалық екпіннен пластикалық қимылға дейінгі әрбір элемент асқан шеберлікпен орындалды. Театр әртістері өміршең шығарманың терең мағынасын ашып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?