13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз10-13 қаңтар аралығында «Астана Балет» театрында «Қар ханшайымы» жаңа жылдық ертегісі көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Радик Сәлімовтің музыкасына Георгий Ковтун хореографиясындағы қызықты режиссерлік және көркемдік шешімдері бар туынды отбасылық тамашалауға арналған.
Премьера 2022 жылдың желтоқсан айында өтті және жыл сайын тамаша табыспен өткізіліп, көп көрермендердің сұранысына ие.
Сюжетімен, хореографиясымен, ауқымды декорацияларымен көрерменді баурап алған балет театрдың маэстро Эльмар Бөрібаевтың жетекшілігімен симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.
Көпшілік сахналары мол, түрлі би лексикаларын қолданған, қойылым барысында қозғалатын әрі ойнатылатын қатты декорациялар мен бутафория – осы әдістердің бәрі «Қар патшайымы» балетінде бар. Спектакль шынымен де ауқымды болып шықты - бізге 200-ден астам костюмдер мен сегіз декорацияны өзгерту қажет болды. Оның үстіне, бұл спектакльге театр труппасының бәрі дерлік, оған қоса Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары да қатысады, – деп атап өтті театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлан Канетов.
Әр күндері басты партияларды «Астана Балет» театрының әртістері сомдайды: Сүндет Сұлтанов пен Назерке Аймұхаметова, Ерқанат Ермағамбет пен Анар Дүкиева, Риза Қанатқызы.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды