Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Астана Балет» театры Cheonan World Dance Festival 2025 атты халықаралық фестивальде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, өнер фестиваль Оңтүстік Кореядағы Чхонан қаласында 24-28 қыркүйек аралығында өтті. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 4000-нан астам биші жиналды. Олар түрлі мемлекеттердің мәдениетін таныстырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Әлемдік сахна төрінде қазақ би өнерінің жауһарына айналған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Тәтидің хореографиясына қойылған «Ұлы Дала мұрасы» ұлттық концерттік бағдарламасы ұсынылды.
«Астана Балет» театрының әлемдік сахнада өнер көрсетуі қазақ мәдениетінің ғасырлар бойғы мұрасын көпшілікке насихаттауға мүмкіндік береді.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік