6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер24-28 қыркүйегі аралығында Корея Республикасының Чхонан қаласында әлемнің жетекші би ұжымдарын біріктіретін «Cheonan World Dance Festival 2025» халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл ауқымды шараға Қазақстан атынан «Астана Балет» театры қатысып, көрермендерге «Ұлы Дала мұрасы» дивертисментінің үзінділерін ұсынады. Қазақ мәдениетінің әсемдігі мен сан қырлы болмысын бейнелейтін бағдарлама эстетикасымен, ұлттық ою-өрнекке бай костюмдерімен және философиялық мәнге толы хореографиялық қойылымдарымен ерекшеленеді.
«Астана Балет» театрының Кореядағы өнер көрсетуі қазақ мәдениетін әлемге танытып қана қоймай, халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосады.
Айта кететін жайт, 21–26 қыркүйек аралығында Ақтауда ІІІ халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өтіп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі