7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?«Астана Балет» театры труппасы Аспендоста (Түркия) өткен XXXI Халықаралық опера және балет фестиваліне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, өнер мерекесі шамамен 2 мың жыл бұрын салынған ежелгі амфитеатрдың сахнасында өтті. Қазіргі кезде театрға 3 мыңға жуық көрермен сияды. «Астана Балет» қойылымына барлық билет бірден сатылып кеткен.
Қазақстандық әртістер көрерменге екі балет қойылымын ұсынды: «Кармен-сюита» (Альберто Алонсо хореографиясы) және «A Fuego Lento»/ «Баяу от» (Рикардо Амаранте хореографиясы).
Спектакльдерге театрдың жетекші солистері Қаламқас Орынбасарова, Сүндет Сұлтанов, Уэсли Карвальо және басқалар қатысты.
Көрермен қауым тек әртістердің кәсібилігі мен техникалық шеберлігін ғана емес, сонымен қатар өнерге адалдығы мен сезімді жеткізе алатын қабілеті үшін де жоғары бағалады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?