6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлорданың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында STEM технологиясын енгізуге бағытталған семинар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға қалалық Білім басқармасы мен Atameken кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысқан. «Kidz n totz» жекеменшік балабақшасында өткен семинар ата-аналар мен педагогтерге STEM технологиясының маңызын түсіндіруге ғана емес, сонымен қатар басқа да білім беру ұйымдарын жаңа тәжірибе енгізуге шақырды.
Жарты жыл уақыт бойы балабақша педагогтері STEM технологиясын білім беру жүйесіне енгізу бойынша жүйелі жұмыстар атқарды. Балаларымыздың білім сапасын арттыруға бағытталған озық тәжірибе мен идеялармен бөлісу – біздің басты мақсатымыз, - деді өз сөзінде балабақшалар желісінің құрылтайшысы Дәурен Жаксыгелдинов.
Іс-шара барысында өзге балабақша өкілдеріне тың жобаның тиімділігі мен нәтижелері туралы жан-жақты айтылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі