23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі күні жоспарланған 84 ұшып шығу рейсінің 6-уы кешіктірілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл кешігулер қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты әуе кемелерінің кеш келуінен туындаған. Сондай-ақ, 86 келу рейсінің 8-і кешіктірілген.
Әуежайдың онлайн-таблосына сәйкес, сағат 13:00-дегі жағдай бойынша Ақтөбе мен Алматыға ұшып шығу рейстері кешігуде. Алматы, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Ақтаудан келетін рейстер де кешіктірген.
Соған қарамастан, Астана әуежайы қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында перрон мен ұшу-қону жолағы үнемі тазартылып отырады. Аэродромның үздіксіз жұмыс істеуі үшін 23 арнайы техника бірлігі жұмылдырылған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік