22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстана әуежайында мас жолаушы бірден үш баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Астана – Алматы бағытындағы әуе рейсінің жолаушыларын тексеру кезінде болды. Алматы қаласының 38 жастағы тұрғыны масаң күйде қоғамдық орында балағат сөздер айтып, тексеру қызметі қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспаған.
Мән-жайды анықтау барысында ер адам билік өкілдерінің заңды талаптарын орындамаған. Алайда, қарсылық танытқанына қарамастан, құқық бұзушы ұсталып, полиция бөлмесіне жеткізілді.
Ұсталған азамат алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін, ұсақ бұзақылық жасап, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін бірден үш баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материалдар шешім шығару үшін сотқа жолданды.
Айта кету керек, бұл құқық бұзушы бұған дейін бір жыл ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 26 330 құқық бұзушыны анықтап, жауапқа тартқан болатын. Оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 1 992, ұсақ бұзақылық үшін – 219, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін – 23.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев