23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше 55 жастағы жолаушы ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбағаны үшін рейстен түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдерінен Астана-Шымкент бағытындағы рейстің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы хабарлама келіп түсті. Құқықбұзушы акт бойынша көлік полицейлеріне берілді.
Тексеру барысында полицейлер масаң күйінде болған және ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Шымкент қаласының 55 жастағы тұрғынын анықтады. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ол «жеңіл дәрежелі» алкогольдік масаң күйінде болған.
Ер адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы 1-бөлігі (әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 8 айлық есептік көрсеткіш (27 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік