Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАбдугалимова Айсұлу Тукебайқызы – Астана халықаралық әуежайында 1983-2024 жылдар аралығында тексеру қызметінің инспекторы қызметін атқарған құрметті ардагер. Ол 41 жыл жолаушылардың қауіпсіздігі үшін талмай адал еңбек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылдың 29 шілдесінде Айсұлу Тукебайқызы авиация саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Еңбек еткен жылдары ол жоғары кәсіби шеберлік танытып, жүктелген барлық міндеттерді адал атқарып, өзін жауапты жұмыскер ретінде көрсете білді. Айсұлу ханымның еңбекқорлығы мен тәжірибесі көптеген тыйым салынған заттарды анықтауға мүмкіндік беріп, әуе қауіпсіздігін жоғары дәрежеде қамтамасыз етті.
Әріптестері Айсұлу Тукебайқызының сіңірген еңбегі мен жетістіктерін атап өтіп, құрметті еңбек демалысына ілтипатпен шығарып салды.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды