Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана әуежайы жолаушыларға Қазақстанда eGov порталы мен бірқатар электронды қызметтер уақытша қолжетімсіз болатыны туралы ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
20 наурыздан 21 наурызға қараған түні (23:00-ден 08:00-ге дейін) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ" АҚ) жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізеді.
Осы кезеңде eGov порталы, eGovmobile мобильді қосымшасы және басқа да электрондық сервистер, соның ішінде "Цифрлық құжаттар" сервисі уақытша қолжетімсіз болады, - делінген ресми хабарламада.
Егер сіздің рейсіңіз осы уақыт аралығында жоспарланған болса, рейске тіркелу және тексеруден өту кезінде ықтимал қолайсыздықтарды болдырмау үшін құжаттардың түпнұсқаларын (жеке куәлік, паспорт және т.б.) өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады