Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі Президент тапсырмаларын орындау аясында елорда әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кеңесте Премьер-министрге Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын жоспарлы жөндеу жұмыстарының аяқталғаны туралы баяндалды. Жөндеу жұмыстары әуе айлағының инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әуежайдың материалдық-техникалық базасын жаңарту және кеңейту жоспарлары туралы мәлімет берді. Жоба аясында жаңа ұшу-қону жолағын салу, перрондар мен терминалдарды жөндеу, техникалық жабдықтарды жаңарту көзделген. Сонымен қатар, логистикалық кешендер, қоймалар, қонақүйлер, кеңселер мен әкімшілік ғимараттарды қамтитын инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда әуежай жылына шамамен 9 млн жолаушыға қызмет көрсетеді. Жоспарланған жобаларды іске асыру бұл көрсеткішті 12 млн жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Кеңес барысында әуежайды одан әрі дамыту үшін инвесторлар тарту мәселесі де талқыланды. Ірі халықаралық компаниялар тарапынан жобаға қызығушылық білдірілгені атап өтілді.
Кеңес қорытындысында Премьер-министр Көлік министрлігі мен Астана әкімдігіне елорданың авиациялық әлеуетін арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асыру барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай