Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі әуежайдың ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары басталғанын нақтылады. Себебі бұған дейін әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда күрделі жөндеудің болмайтындығы туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1 мамырдан бастап Астана қаласының әуежайында бас мердігерімен бірлесіп ұшу-қону жолағында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар басталды. Асфальтбетон жұмыстарын жүргізу үшін бас мердігер Астана, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Орал және Петропавл қалаларының әуежайларында әуеайлақ жабындарын қайта жаңартуда тәжірибесі бар компанияны жұмысқа тартты. Бүгінгі таңда объектіде инженерлік-геодезиялық ізденістер жалғасуда, сонымен қатар арнайы техника тартылып, инертті материалдар жеткізілуде, - делінген мәліметте.
Осыған байланысты Астана халықаралық әуежайындағы авиарейстер кешкі 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін орындалмайды.
Тиісінше соған дейінгі уақыт аралығында рейстер саны екі есе артқандықтан, жолаушыларға әуежайға 3-4 бұрын келуге кеңес беріледі.
Айта кетейік, әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?