1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстана-Ақтау бағытындағы әуе рейсін орындаған Flyarystan әуекомпаниясының ұшағы шұғыл түрде Атырау қаласына қонды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқыс жағдай бұдан бір күн бұрын тіркелген. Әуе компаниясының мәліметінше, КС7375 Астана-Ақтау рейсінің ұшағы ауа райына байланысты Атырауға қонуға мәжбүр болған.
8 мамыр күні сағат 23:30-да КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау қаласына қонуға мәжбүр болды. Рейс Атырау қаласының жергілікті уақыты бойынша 9 мамыр сағат 06:40-та қайта ұшады. Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Сондай-ақ, жолаушылар Flyarystan қосымшасында және Flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады, - деп жазылған компанияның баспасөз қызметі жарияланған хабарламада.
Кейін белгілі болған дерек бойынша, рейс 2 сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға сусындар, 5 минуттан аспайтын уақытқа 2 рет телефон соғу мүмкіндігі немесе 2 электрондық пошта хабарламасын жолдау мүмкіндігін қарастырған. Сонымен қатар, 4 сағаттан артық кешіктірілгенде жағдайда жолаушылар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?