Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек XIX Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ханчжоуда өткен аламана елорданың спортшылары 10 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 3 күміс және 6 қола.
Спортшыларымыз қайсарлығының, табандылығының арқасында жақсы нәтиже көрсетті. Әрбір медальдың артында тоқтаусыз жаттығулар, жеңіске деген жігер, отбасының, жанкүйерлері мен жаттықтырушыларының қолдауы жатыр. Сіздер – елордамыздың ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы болып есептелесіздер. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, - деді Қасымбек.
Әкім Парижде өтетін Олимпиада бар екенін, командалардың бәсекеге қабілетін арттыру үшін кешенді жұмыс жүргізілуі керектігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар кездесуде спорт нысандарын дайындау, жабдықтау, спортшылар мен жаттықтырушыларды ынталандыру мәселелері талқыланды.
Ерекше атап өтер сәт, осы кездесуде Жеңіс Қасымбек Азия ойындарында әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанған Жәмила Бақбергеноваға пәтер кілтін табыстады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?