22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда басшысы Астананың ел өміріндегі айрықшы рөліне тоқталып, оның маңызын атап өтті.
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Астанамыздың 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Астана – үлкен армандар орындалатын қала. Елордамызға еліміздің барлық өңірінен адамдар келеді. Мұнда білім алып, карьера жасайды, шаңырақ көтереді. Астанада биік арман-мақсаттардың жүзеге асуы үшін мүмкіндіктің бәрі бар. Ширек ғасыр ішінде елордамыз арқа даласындағы 300 мың тұрғыны бар шағын қаладан ірі мегаполиске айналды. Елорда тұрғындары осы уақыт ішінде 4 еседен астам өсті, - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, ол бас қаланың қалыптасуына әрбір қала тұрғының ерекше үлес қосқанын атады.
Елордамыздың қалыптасу жолында әрқайсысыңыздың орныңыз бар. Әрбір азамат қаламыздың дамуына өз үлесін қосып келеді. Елордамыздың дамуы үшін жұдырықтай жұмылып, бірге жұмыс істейміз. Елорда күні құтты болсын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, зор жетістік және амандық тілеймін! - деп жазды Астана әкімі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев