23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Азия ойындарында медаль жеңіп алған спортшылармен кездескені туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Харбин-2025 IX Қысқы Азия ойындарында медаль жеңіп алған спортшыларымызбен кездестім. Біздің елордалық командамыз спорттың 5 түрінен сынға түсті. Олар – шайбалы хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау және керлинг.
Кешенді жарыста елорда құрамасының спортшылары 6 медаль жеңіп алды: екі алтын медаль, үш күміс және бір қола.
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында 5000 метрлік эстафетада жеңіске жетті! Осылайша олар елімізге алғашқы тарихи алтын медаль сыйлады! Чемпиондық команда құрамында Астанадан аттанған үш спортшы – Әділ Ғалиахметов, Айбек Насен және Абзал Әжіғалиев өнер көрсеткені біз үшін ерекше мақтаныш.
Спортшылармен және жаттықтырушылармен бірлесіп, алдағы жұмыстарды талқыладық. Өз тарапымыздан көмек көрсетуді ары қарай да жалғастырамыз. Спортшыларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін! - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік