Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында ардагерлерді арнайы құттықтағанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтадым! Олардың ерлігінің, жанкештілігі мен қайсарлығының арқасында елімізде тыныштық пен береке орнады. Мемлекет басшысының атынан Раиса Егоровнаға III дәрежелі «Айбын» орденін табыстадым. 1944 жылы Раиса Егоровна өз еркімен майданға аттанған. Румынияны, Венгрияны, Бессарабияны азат етуге үлес қосқан. Ал негізгі Жеңіс күнін Будапешт қаласында атап өтті. Раиса Егоровна келер жылы 100 жасқа толады, - деп жазды әкім.
Қала әкімінің айтуынша, Жақан Сейсебаев 17 жасында әскерге шақырылған. Беларусь жерін азат етуге қатысып, құпия бөлімде нысанашы болды. Жақан Сейсебаев та келер жылы 100 жасқа толады.
Қатал тағдыр Ұлы Отан соғысының әрбір ардагері мен қатысушысын ешқашан қайыстырмаған. Олардың қиындыққа толы өмір жолы кейінгі ұрпаққа қашанда үлгі болмақ. Біздің борышымыз – оларға құрмет көрсету, ерліктерін еске алу. Жеңістің 79 жылдығы құтты болсын! Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, амандық тілеймін!, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?