2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында баспана мәселесі қалай шешіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«AMANAT» партиясы елордалық филиалының базасында азаматтарды қабылдадым. Қабылдау барысында тұрғындар негізінен тұрғын үй, тұрғын үй кешендерін жөндеу, әлеуметтік нысандар салу, медициналық және әлеуметтік көмек, абаттандыру және т.б. мәселелер көтереді. Тұрғын үй мәселесі бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Біріншісі – кезекте тұрғандарға әлеуметтік пәтер салу. Биыл 3 мың 300-ден астам әлеуметтік пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, апатты және ескі тұрғын үйлерді бұзу жұмысы жоспарлы түрде жүріп жатыр. Биыл тозығы жеткен тұрғын үйлерден 4 мың 200 тұрғынды көшіруді жоспарлап отырмыз, - деді қала әкімі.
Жеңіс Қасымбек сондай-ақ құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері барын атады. Оның сөзінше, 150-ден астам тұрғын үй кешенінен биыл 10-ы ғана қалған.
Олардың құрылысын осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша, ресми танылған құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері бойынша мәселе жабылады. Бұған қоса, әлеуметтік нысандар құрылысының көлемі ұлғайды. Биыл Оқушылар сарайын, мемлекеттік балабақшалар салуды бастаймыз. Мектептерге тоқталар болсақ, 2024-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 24 мектеп салынады. Сол сияқты өзге де мемлекеттік мектептер саламыз әрі жеке инвестициялар тартамыз. Азаматтарды қабылдаулар барысында көтерілген мәселелерді назарда ұстаймыз, – деді Астана әкімі.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова