Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана әкімдігі елорданың жоғары оқу орындарына 850-ге жуық білім грантын бөлді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға бағытталған. Грант конкурсы бүкіл ел бойынша өткізіледі.
2018 жылдан бастап Астана қаласының әкімдігі педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша, сондай-ақ гуманитарлық бағыт бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жобасын іске асыруда.
Бұл жоба кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. 2024-2028 оқу жылдарына қала әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 858 білім беру грантын белгіледі.
Астана әкімдігінің білім гранттары еліміздің сегіз жоғары оқу орнында орналастырылды:
1) «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ;
2) «Астана халықаралық университеті» ЖШС;
3) «А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты»;
4) «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС;
5) «Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ;
6) «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті»;
7) «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» КЕАҚ;
8) «Астана медицина университеті» КЕАҚ.
Білім беру грантына конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатыса алады. Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?