23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанда 4 маусымда еліміздің Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мереке құрметіне елордада «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» онлайн-байқауы өткізіледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күніне орай елорда әкімдігі «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» байқауын бастады. Қатысушылар 29 мамырдан 1 маусымға дейін Instagram-да Тудың, Елтаңбаның шығармашылық фотосуретін немесе Әнұранның орындалуы туралы видео жариялауы керек. Парақша ашық болуы керек, ал постқа #МемлекеттікРәміздерҰлтМақтанышы хештегі қойылуы тиіс. Сондай-ақ @akimat_astana аккаунтына жазылып, оны жарияланымда белгілеу қажет. Байқауға елорда тұрғындары 12 жастан бастап қатыса алады.
Жарияланымдарды қабылдау 1 маусым күні сағат 23:59-да аяқталады. Жеңімпаздарды үш номинация бойынша конкурстық комиссияның шешімімен анықтайды: «ҚР Туы бар үздік фото», «ҚР Елтаңбасы бар үздік фото», «ҚР Әнұранын үздік орындау».
Үздіктер 4 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің YouTube арнасында көрсетілетін «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» онлайн-бейнемарафонында жарияланады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады