7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жүзеге асырылып жатқан «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» атты жоба аясында «Көктем келді» көрмесі ашылды
Көрмеге бейнелеу өнерінің әртүрлі бағыттары мен стилінде жұмыс жасайтын танымал қазақстандық шеберлердің көркем туындылары қойылды.
Музейге келген көрермендерге бірегей суретші Орал Таңсықбаевтың (1904-1974) реалистік туындыларын, ҚР Халық суретшісі Жаңатай Шарденовтың (1927-1992) пейзаждарын, Тоқболат Тоғызбаевтың (1940-1996) символды-монументальды суреттерін, таланты суретші, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Евгений Сидоркиннің (1930-1982) асқақ эпикалық бейнелерін, ұлттық көркем сурет мектебіндегі белгілі тұлға Сабыр Мамбеевтің ғажайып пейзаждарын, сол сияқты Еуропаның станокты дәстүрлі өнерінің Азия көшпелілері көркем мұраларындағы тасқа салу өнерімен синтезделген Амандос Ақанаевтың да еңбектерін, Ағымсалы Дүзелхановтың ерекше талғамды суреттері мен қазақ сюрреализмінің негізін қалаушы Ерболат Төлепбаевтың жұмыстарын көруге мүмкіндік туып отыр.
Көрмедегі жұмыстарды толықтай мына сілтемеден көре аласыздар...
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?