27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізедіАстанаға әдейі келген Павлодардың үш тұрғыны адамға лық толы автобустарға кіріп, 15 ұялы телефонды қолды еткен. Олар әрекеттерін бір күнде іске асырып, қаладан шығып кетпек болған, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға елорда тұрғындары автобус ішінде қымбат ұялы телефондары ұрланғанын айтып, арызданған.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілерді ұстады. Олар бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 33, 32 және 30 жастағы үш ер адам болып шықты.
Ұсталған үш қалта ұрысы елордаға Павлодардан түнде келгені анықталды. Қаскүнемдердің мақсаты маршруттық автобустарда ұрлық жасау болған. Таңертең іске шыққан олар қоғамдық көлікте үш ұялы телефонды ұрлаған, түстен кейін астанадан шығып кетуді ойластырған. Қалта ұрылары адамдарға толы автобустарға әдейі кiрген.
Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Олардың қалта ұрлығының 15 фактісіне қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.
Күдіктілер қамауға алынды, олардың осыған ұқсас бірқатар қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.
27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы