23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕртең бүкіләлемдік сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы күрес күні. Осыған орай елорданың Онкологиялық орталығында сағат 11.00-де онколог, маммолог мамандардың қатысуымен әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша ашық есік күні өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.
Сондай-ақ, алдын алу бөлімінің және салауатты өмір салтын ұйымдастырушы дәрігерлер үшін: «Сүт безінің қатерлі ісігі. Ерте анықтау» тақырыбында қалалық семинар өткізіледі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының хабарлауынша, Астана қаласында аталған сыртқатпен ауыру көрсеткішінің 165,8-ден (2014ж) 198,4-ге дейін (2015ж) артқаны және өлім-жітім көрсеткішінің 100 мың халыққа шаққанда 82,8-ден 86,6-ға дейін өскені байқалып отыр.
2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» ҚР денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде онкологиялық ауруларды басқарудың интеграцияланған моделін енгізу бағытында белсенді негізде жұмыс жүргізілуде.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады