Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы облысы ТЖД күшімен Еңбекшіқазақ ауданындағы Ассы жазығында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, кеше кешке Ассы жазығына төрт азамат — 1995 жылы туған ер адам, 1995 жылы туған әйел адам, 1997 жылы туған ер адам және 2021 жылы туған бала — шыққан. Олар кешке дейін оралмаған соң, туыстары дабыл қағып, көмек сұраған. Көліктің дөңгелегі бұзылып қалғандықтан, олар таулы жерде түнемеге мәжбүр болған.
Барлығы ТЖМ құтқарушылары тарапынан табылып, аман-есен туыстарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ азаматтарды таулы және қол жетуі қиын аймақтарға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ сапар алдында туыстары мен тиісті қызметтерге жоспарланған бағыт туралы алдын ала хабарлауға шақырады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар