Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында «Этносаясаттың өңірлік аспектілері бойынша интенсив» тақырыбы негізінде жиын өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен бастады. Мемлекет басшысы VIII сайланған Мәжіліс Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында еліміздің басты мақсаты – әділетті Қазақстанды құру деп атап өткен болатын.
Бүгінде 87 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Әр этнос – біздің байлығымыз және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы тірегі. Бұл ретте облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этностардың өзара әрекеттесуі мен олардың мүдделерін үйлестірудің басты байланыстырушы бірегей алаңына айналды, - деді Еркін Құлымбайұлы.
Сондай-ақ әкімнің орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық әулеті бүгінде аймақтағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту аясында жақсы жұмыс атқарып келе жатыр дейді.
Мемлекеттің дамуы мен өсіп-өркендеуінің темірқазығына айналған этносаралық татулық пен өзара келісімді сақтау және оны бағалай білудің маңызы әрқашанда зор.Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең жоғарғы байлығымыз. Оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болуы тиіс. Ер бірлігін сақтауға барлығымыз атсалысайық, - деді әкім орынбасары.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады