Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін Көкшетау қаласында ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау капитаны Забикулин Асқар Серікұлын әріптестері мен туған-туыстары соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Сағат 12.00-де республика бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Асқар Забикулин туған жерінде, Еңбекшілдер ауданы, Казгородок ауылында жерленді», делінген ТЖМ хабарламасында.
Айта кетейік, дәрігерлер Асқар Забикулиннің өмірін сақтап қалу үшін бірнеше күн күресті. Алайда 20 қарашада ол ауруханада көз жұмды. Асқар Забикулин 16 қарашада Астанада өрт шыққан үйден тұрғындарды құтқарған. Өрт кезінде тағы бір өрт сөндіруші зардап шекті.
Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі. Елорда көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары