23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов ширек финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі
71 келіде сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Израиль боксшысы Мирослав Капулер-Ищенконы айқын басымдықпен (5:0) жеңді. Сөйтіп, ширек финалға өтті.
Тараздық спортшы жартылай финалға шығатын сында француз Макан Траоремен кездеседі. Франциялық былғары қолғап шебері бүгінгі сында 2021 жылы Белградта әлем чемпионы атанған жапон боксшысын қапы қалдырды.
Асланбек Шымбергенов бұған дейін әлем біріншілігінде жүлдеге қол жеткізбеді. Ол осыдан екі жыл бұрын дүниежүзілік сынның ширек финалында украиналық Юрий Захариевке есе жіберген еді. Нәтижесінде Украина спортшысы Сербияда жеңімпаз атанған болатын.
Ташкентте өтіп жатқан чемпионатта чемпион атанған спортшылар арасында боксшыларға үздік техникасы үшін Вел Баркер кубогын табыстайды. Аталған кубокты ІВА 2021 жылы әр чемпионат сайын шеберлігімен көзге түскен спортшыға тапсыру туралы шешім қабылдаған. 2021 жылы Бақтияр Артаев Баркер кубогын кубалық 63,5 келіде сол сында әлем чемпионы атанған Энди Крузға табыстады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік