6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТашкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов іріктеу кезеңдерінде қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан отандасымыз Тринад және Табога елінің өкілін жарыс жолынан шығарып тастады. Жекпе-жекті айқын басымдықпен өткізген тараздық спортшы бұл сынды маңызды кездесулер алдындағы жақсы дайындық деп бағалады.
Алғашқы жекпе-жек болғаннан кейін бұл сын оңай болмады. Қарсыласым осал емес екен. Алдағы сындарда барымды салып, жеңісті жолды жалғастырамын деген ойдамын. Бұйырса, елге алтынмен оралу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуден аянып қалмаймын, - деді Асланбек Шымбергенов жекпе-жектен кейін.
Бұған дейін 67 келіде жекпе-жекке шыққан тағы бір отандасымыз Дулат Бекбауов іріктеу кезендерінде Румыниялық былғары қолғап шеберінен төрешілер шешімі бойынша басым түскен болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі