13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа оқу жылында оқушылар бес күндік кесте бойынша оқып, жазғы демалысқа 31 мамырда шығады, деп хабарлайды El.kz.
«Жаңа оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылғанының бірнеше себебі бар. Біріншісі, қазіргі таңда еліміздегі мектептерде орын саны шектеулі, соған байланысты кейбір мектептерде үш ауысыммен оқитын сыныптар да бар. Сондай-ақ Алматы қаласындағы мектептердің 50%-ында оқушылар сенбі күндері оқиды. Егер оқу жылын ұзартсақ, балалардың кестесі реттеліп, бес күндік кестемен оқуына мүмкіндік туады. Бұл оқушылардың да, мұғалімдердің де бос уақытының көп болуы үшін тиімді. Жаңа оқу жылында бір жарым миллион оқушы мен 150 мың ұстаз 36 күн қосымша демалыс ала алады деген сөз. Екіншіден, балалар сенбі күндері отбасымен бірге тиімді уақыт өткізіп, сүйікті хоббиларымен айналысуына мүмкіндік артады. Денсаулықтарына да пайдасы тиеді деп айтуға болады», - деді министр.
Дегенмен, жазғы демалыс уақытында балаларға ешқандай артық салмақ түспейтінін де атап өтті.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды