Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТөтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болған Ибрагим Күлшімбаевты бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шешімді Ақмола гарнизонының әскери соты шығарды.
Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тартып, ТЖМ ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп хабарлады Антикор.
Сонымен қатар сот президенттің атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру ұсынысын енгізу жөнінде қаулы шығарды.
Айта кетейік, Күлшімбаев 2020 жылдан 2023 жылдың тамызына дейін Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министр қызметін атқарған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары