30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада Пшихавр шатқалындағы Ішкі әскерлердің біріккен ротасы (қазіргі ҚР Ұлттық ұланы) күші басым содырлар тарапынан шабуылға ұшыраған қайғылы күннің 30 жылдығына орай еске алу шаралары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыдан 11 жыл бұрын 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ішкі әскерлердің 17 жауынгерінің есімдерін мәңгі жадымызда сақтау үшін орнатылған ерлік аллеясындағы «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұланның, Қорғаныс министрлігінің, «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ өкілдері, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері қатысты.
Рәсім бір минут үнсіздіктен басталды. Сол ұрыста қаза тапқандардың бірі қатардағы жауынгер Ербол Бекебаевтың анасы Жанат Елубайқызы өз естеліктерін айтып берді. Анасының айтуынша ұлы үлкен жүректі, болашағына сенетін арманшыл қарапайым жігіт болған.
Сын сағатта да ол әскери борышына адал болып, адам нанғысыз табандылық танытты, осы қалпында туған-туыстарының және халқының жадында мәңгі қалады, – деді Жанат Бекебаева.
Сол күні ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлттық ұланның бейне студиясы дайындаған, тәжік-ауған шекарасындағы шайқас туралы баяндайтын деректі фильмнің көрсетілімі өтті.
Бұл күні Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде жас жауынгерлердің бойында патриотизмді қалыптастыруға тәрбиелейтін және батырларды еске алу шаралары өткізілетінін айта кеткен жөн.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды