6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖаңа жыл қарсаңында Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері және отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет өкілдері әлеуметтік мекемеде тұратын балалармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскери-теңіз күштері материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының әскери қызметшілері Маңғыстау облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды. Онда 4 жастан 17 жасқа дейінгі 41 бала тәрбиеленеді.
Батальон командирі майор Нұржан Жүсіпов балалар мен мекеме ұжымын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға мол бақыт, мықты денсаулық және табыс тіледі.
Біз сіздерге қонаққа келгенімізге өте қуаныштымыз. Біздің қарым-қатынасымыз нығая түседі деп үміттенемін. Менің ойымша, сіздер де бізбен бірге болып, теңіз қызметі қалай ұйымдастырылғанын білуге қызығушылық танытасыздар", - деді ол.
Әскерилер балаларға сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарға концерт ұйымдастырды. Әлеуметтік мекеме қызметкерлері әскери қызметшілерге ата-ана жылуын аңсайтын балаларға көңіл бөлгені және қамқорлығы үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі