Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысында "Бекет-2024" кешенді оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығуға қатысушылар дағдарыстық жағдайларды еңсеру мен сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың түрлі сценарийлерін пысықтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шаралар орталық мемлекеттік органдар мен Қорғаныс министрлігін, ҰҚК, ІІМ, ТЖМ және Ұлттық ұланды қоса алғанда, күштік ведомстволардың өкілдерін тарта отырып өрбиді.
Бес күндік "Бекет-2024" кешенді оқу-жаттығуына аумақтық қорғаныс әскерлері жергілікті бөлімшесінің жеке құрамы қатысады. Олар блок бекеттерді өрістету, стратегиялық объектілердің күзеті мен қорғанысын ұйымдастыру мәселелерін пысықтайды.
Іс-шара уәкілетті органдар мен аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығының жай-күйін тексеруге, ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етуге және ведомствоаралық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтауға бағытталған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?