12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері тікұшақтарының экипаждары жергілікті халықты құтқаруға, азық-түлік, жылы киімдер мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, құтқару жұмыстары Ақтөбе, Қостанай және Абай облыстарында жүргізіліп жатыр.
30 наурызда әскери ұшқыштар 38 мәрте ұшу жасады. Жалпы ұшу 15 сағаттан астам уақытты құрады. Осы аралықта 222 адам эвакуацияланды.
Табиғи апат аудандарына салмағы мың келі апаттан құтқару мүлкі мен төтенше жағдайлар қызметінің 19 маманы жеткізілді. Эвакуациялық пункттерге 10 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жеткізіліп, түсірілді, - делінген мәліметте.
Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы тәулік бойы экстремалды жағдайда жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта құтқару шараларына 7 тікұшақ жұмылдырылған.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер