Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАқтау қаласындағы әскери пирсте белгіленген мерзімде қызмет еткен әскери-теңіз базасының 173 теңізшісі Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік туымен салтанатты түрде қоштасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Теңізшілер бір жыл ішінде теңіз жаяу әскерлерінің десанттық шабуыл батальонында, әртекті кемелер дивизионында және Әскери-теңіз базасының коменданттық ротасында қызмет етті.
Қызметін аяқтаған оларды Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының, әскери-теңіз базасы қолбасшылығының өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері құттықтады.
Сіздер өз әскери борыштарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар. Мемлекеттік және халықаралық іс-шараларда ел Қарулы Күштерінің мерейін үстем еттіңіздер. Сіздердің күш-жігерлеріңіз бен қызметке деген адалдықтарыңыз жоғары бағаға лайық. Әскерде алған білімдеріңіз бен дағдыларыңыз азаматтық өмірде де кәдеге жарайды деп сенеміз, – деді штаб бастығы – әскери-теңіз базасы командирінің бірінші орынбасары 2-дәрежелі капитан Рустам Жүнісов.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, салтанатты рәсімнің маңызды сәті жауынгерлік дайындықта және «Бірлестік-2024» оқу-жаттығуында ерекше көзге түскен матростарды марапаттау болды. Оларға алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды. Запасқа шығарылған барлық әскери қызметшілер естелік сыйлықтар алды.
Әскери-теңіз күштері қатарында қызмет еткенімді мақтан тұтамын. Бірлігі бекем, ұйымшыл команданың құрамында болдым. Алдымызда жаңа өмір күтіп тұр. Әскер бізді көп нәрсеге үйретті. Әрқайсымыз туындайтын қиындықтарды жеңе алатынымызға сенімдімін, – деді десанттық-шабуыл бөлімшесінің командирі 2-дәрежелі старшина Хусейн Богучаев.
Күзгі әскерге шақыру аясында Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерден 1500-ге жуық мерзімді қызметтегі әскери қызметші запасқа шығарылғанын айта кету керек.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес