23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қарулы күштерді жасақтау қажеттілігіне сәйкес әскери жүргізушілерді даярлау жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ретте әскери-техникалық мамандық бойынша оқу мерзімі – үш ай. Мектеп түлектері «В», «С» және «С1» санатындағы жүргізуші куәлігін алады.
Заң бойынша «С» санаты бойынша автокөлік құралын жүргізу құқығы 21 жастағыларға ғана беріледі. Ал жергілікті әскери басқару органының жолдамасы бойынша біздің мектепті бітірген жастарға мұндай мүмкіндік 18 жасында беріледі, – деді Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Алматы филиалының директоры полковник Мирас Жылгелдин.
Оқу кезеңінде курсанттар мемлекет есебінен тұрғылықты жермен, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Биылғы жоспар бойынша Әскери-техникалық мектептің Алматы филиалында 60-тан аса адам білім алады. Осылайша, Қарулы күштер қызметке дайындалған әскери-техникалық бейіндегі мамандарды толықтырады.
Техникалық мамандықты меңгеру еңбек нарығында сұранысқа ие екенін де атап өткен жөн.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік