30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКөктем мерекесі – Ұлыстың ұлы күні келді. Әскери бөлімдерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, үй-жайлар безендірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Наурыз көже мен бауырсақ қойылған мерекелік мәзір әскери қызметшілерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Әскери бөлімдердің қолбасшылығы кезекшіліктегі әскери қызметшілерді Наурыз мейрамымен құттықтады. Еліміздің әуе шебін күзетіп, тәуліктік кезекшілік атқаратын шалғайдағы гарнизондардың мерзімді қызмет сарбаздарына ерекше назар аударылды. Жауынгерлерге мықты денсаулық, тамаша көңіл-күй, жауынгерлік дайындықта жетістік тіледі. Естелік ретінде оларға сыйлықтар берілді.
Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде бұл күні ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және басқа да мерекелік іс-шаралар өтті.
"Астана" өңірлік қолбасшылығында спорттық жарыстардан, түрлі қойылымдар мен концерттерден бөлек "тұсау кесу" рәсімі өткізілді. "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Ержан Ибраев әскери қызметші майор Тұманбай Бескемпіровтің ұлы Жантөренің тұсауын кесіп, қадамына сәттілік тіледі.
Сонымен бірге сарбаздарға "Отбасымен бейнеқоңырау" бейнеқызметі арқылы туыстарымен байланысқа шығуға мүмкіндік берілді. Сарбаздар жақындарына әскери-есептік мамандықты игерудегі жетістіктері, бос уақыттарының қалай ұйымдастырылатыны және мереке күндері қалай өткені туралы айтып берді. Жаңалық алмасып, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды