22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматы қаласы қорғаныс істері департаментінің әскери қызметшілері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары әйгілі опера әншісі Бибігүл Төлегенованы Қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отан қорғаушыларымен кездескен әнші әскери мамандықтың ерік-жігер мен төзімділікті қажет ететініне тоқталды. Әйтсе де кез келген жағдайда табысқа жету үшін еңбекқорлық пен өзің таңдаған іске деген адалдық қажет екенін атап өтті.
Әскери адамдар әрқашан елінің тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін кез келген құрбандыққа баруға дайын. Бұл сіздердің асыл мұраттарыңыз әрі өте жауапты міндеттеріңіз, – деп атап өтті Бибігүл Ахметқызы.
Әскери қызметшілер мен курсанттар әншіге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыс тіледі.
Біз аңыз адам, тамаша талант иесін құттықтау құрметіне ие болдық. Оған өте қуаныштымыз. Біз үшін Бибігүл Ахметқызы өнерге деген адалдықтың, үлкен рух пен күш-жігердің және өмірлік энергияның үлгісі, – деді 4 курс курсанты Жандос Ұлдахан.
Курсанттар опера әншісіне өлең оқып, домбырамен ән салып берді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев