Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБангладеш астанасы Дакка қаласындағы әскери оқу ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 31 адамға жетті. Бұл туралы Associated Press-ке сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Апат салдарынан қаза болғандардың ішінде кемінде 25 бала, бір мұғалім және F-7 BGI оқу ұшағының ұшқышы бар екені расталды. Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сайедур Рахман брифинг барысында:
Қайтыс болғандардың көбі – 12 жасқа толмаған балалар. Кейбірінің кім екенін анықтау үшін ДНҚ талдауы қажет болады, – деді.
Сонымен қатар 170-тен астам адам әртүрлі дәрежедегі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Бірқатар науқастың жағдайы ауыр күйде қалып отыр.
21 шілде күні оқу-жаттығу ұшағы Даккадағы екі қабатты оқу кешенінің кіреберісіне құлаған. Ұшақ жерге құлаған соң ғимаратта өрт шыққан.
Мемлекеттік ISPR қызметі таратқан мәліметке сәйкес, F-7 BGI оқу ұшағы жергілікті уақыт бойынша 13:06-да ұшып шыққан. Алайда көп ұзамай апатқа ұшыраған. Апаттың нақты анықталып жатыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары