22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБолашақ командирлер жаяу әскер жауынгерлік машиналары мен Т-72 танктерінде сынақтан өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының бітіруші курс курсанттары алған теориялық білімдерін бекіту мақсатымен әскери техниканы басқару қабілетін көрсетті. Төртінші курс курсанттары жиынтық экипаждардың құрамында жаяу әскер жауынгерлік машиналары мен Т-72 танктерінде жүзеге асқан жүз шақырымдық маршты аяқтады.
Жауынгерлік техникамен марш жасауды жоспарлау мен ұйымдастыру барлық деңгейдегі командирлердің жұмысын қамтиды. Оған дайындық кезең-кезеңімен жүреді. Бірінші курста курсанттар бөлім командирі көлеміндегі мәселелерді зерделесе, екінші, үшінші курстарда взвод және рота командирінің құзыреттерін игереді. Соңғы курста өтетін жүз шақырымдық маршта болашақ офицерлер батальон командирінің ауқымында ойлауды үйренеді.
Бұл марш курсанттардың білімдерін шыңдауға, тапқырлығын, олардың жер бедерін бағдарлай білуін мұқият тексеруге арналды. Болашақ офицерлер техниканы басқаруда өз дағдыларын көрсете білді. Келіп түскен мәліметтер бойынша өз бетінше шешім қабылдай алды. Курсанттар сынған техниканы қалпына келтіріп, лектерді өздері басқарды, – деп түсіндірді институт бастығының жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі орынбасары полковник Дархан Есболов.
Курсанттар өз дағдылары мен машықтарын тексеру емтиханын «өте жақсы» деген бағаға тапсырды.
Практикалық сабақтар барысында курсанттар жауынгерлік машиналарды жүргізу мен күрделі жағдайда маневр жасаудағы шеберліктерін көрсетіп, түрлі кедергілерді еңсеруде батылдық пен табандылық таныта білді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев