28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлордалық полиция қызметкерлері құжаттарды жасауға уәде берген алаяқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада жүргізуші куәлігі мен әскери билетті ресімдеуге байланысты алаяқтық анықталды.
Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жолмен жүргізуші куәлігі мен әскери билетті ресімдеуге көмек көрсету сылтауымен ақша иемденген 21 жастағы жігітті ұстады.
Жігіт жүргізуші куәлігін рәсімдеу мүмкіндігі бар екеніне танысынсендірген. Оның тұзағына 20 жастағы қала тұрғыны түсіп қалған, оған жоғалған құжатты қалпына келтіріп, жұмысқа орналасу үшін әскери билет керек болған. Алаяқ клиенттің сеніміне кіріп, одан 250 мың теңге алған. Ақшаны алғаннан кейін қаскүнем байланысқа шығуды тоқтатқан. Алдаудың құрбаны болғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінді, - деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.
Жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Полиция қылмыскердің басқа да алаяқтық жағдайлармен байланыстарын анықтау үшін тексеруді жалғастыруда.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?