6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлттық ұлан қатарында қызмет етіп жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың Ыстамбұлдағы нейрохирургиялық операциясынан кейін Қазақстанға оралғанына 4,5 ай өтті. Оның қазіргі жағдайы туралы жеке массажисті Ұлпан Советбекқызы айтып берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маманның айтуынша, Ербаян бүгінде арқа бұлшықеттерін тік ұстай алады, аяққа тұрып, мойын бұлшықеттерін басқара бастады. Сол қолы мен аяғында да реакциялар байқала бастады. Сонымен қатар, салмақ қосып, ауыз қуысы арқылы тамақтануға толық бейімделген.
Бұл — 7,5 ай ішінде жеткен үлкен жетістік. Ем баяу, бірақ тұрақты жүріп жатыр. Бұл жағдайда ең маңыздысы – үміт пен тұрақтылық, – деді ол.
Ербаян алдағы уақытта екінші кезеңдегі емін жалғастыру үшін қайтадан Ыстамбұлға аттанбақ. Маман оның толықтай сауығып кететініне сенімді.
Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар Алматы қаласындағы Ұлттық ұланда әскери қызмет өткеріп жүрген кезінде ауыр жарақат алған. Ресми дерекке сәйкес, ол әжетханада тайып құлап, басын кафельге соғып алған. Алайда ата-анасы бұл нұсқаға күмән келтіріп, ұлдарының әлімжеттік құрбаны болғанын мәлімдеген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі