7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстан армиясында әскери қызметті тек ер адамдар ғана емес, әйелдер де атқарып жүр. Бүгінде еліміздің Қарулы күштері қатарында шамамен жеті мың әйел қызмет етеді.
Олар тек медициналық немесе әкімшілік жұмыстармен шектелмей, жауынгерлік дайындыққа қатысып, арнайы әскери мамандықтарды да меңгеріп келеді.
11 әйел басшылық қызмет атқарады
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметтегі әйелдердің мыңға жуығы – офицерлер, ал алты мыңнан астамы келісімшарт негізінде еңбек етеді. Сонымен қатар 11 әйел басшылық қызметтерді атқарып отыр.
Әйел әскери қызметшілердің арасында дәрігерлер, психологтар, қаржыгерлер, заңгерлер, байланыс және ақпараттық технологиялар (IT) мамандары, кадр және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласының қызметкерлері бар. Олар штабтарда, жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімдерінде және әскери оқу-жаттығуларда нұсқаушы ретінде де жұмыс істейді.
Кейбір әскери қызметшілер ұшқыш, мерген және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің маманы сияқты күрделі әскери бағыттарды меңгеріп, кәсіби даярлықтан өтеді.
Әйелдер әскерге шақырыла ма?
Қазақстанда әйелдерді мерзімді әскери қызметке міндетті түрде шақыру қарастырылмаған. Қазіргі уақытта мұндай норманы енгізу мәселесі қаралып жатқан жоқ.
Дегенмен әскери қызметке қызығушылық танытқан әйелдер Қарулы күштер қатарына келісімшарт негізінде қабылдана алады. Яғни әскери қызметті таңдау – олардың ерікті шешімі.
Соңғы жылдары әйелдердің қорғаныс саласындағы рөлі артып келеді. Олар тек қолдау көрсететін мамандықтарда ғана емес, жауапкершілігі жоғары әскери қызметтерде де табысты еңбек етіп, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлесін қосып жүр.
Біз бұған дейін әскерге шақыру, ант қабылдау және әскери қызметтен босату енді жаңа форматта өтетінін жазғанбыз.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?